Алматы облысында «LEPSI 2022» мал шаруашылығы көрмесі өтеді

2022 жылдың 16-19 маусым аралығында «Ангус Қазақстан» республикалық палатасы «Арқарлы Майбүйрек» ЖШС бірлесіп, Алматы облысы, Алакөл аударында «Lepsi 2022» мал шаруашылығы көрмесін өткізеді. Көрмеге  Қазақстанның барлық өңірлерінен 5 мыңға жуық фермер қатысады.

Іс-шара бағдарламасында Қазақстан, АҚШ, Канада, Ұлыбритания Чехия, Эстония, Румыния, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және Ресей өкілдерінің қатысуымен мал өсірушілердің халықаралық съезі бар.

Бұдан бөлек, Шынжылы және Көлбай ауылдарындағы шаруашылықтарға тур ұйымдастырылып, Ангус, Герефорд, Ақбас, Калмыцкая, Санта Гертруда, Лимузин тұқымдары арасында «2022 жылдың чемпион тұқымы»,  «2022 жылдың абсолютті чемпионы» және ұсақ мал тұқымдары арасында «Абсолютті чемпион — 2022» байқауы, аламан бәйге мен қазақ күресінен турнир өтеді.

Іс-шара аясында үздік мал өсірушілер Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан марапатталатын болады.

Көрме Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстанның Ет одағының қолдауымен өткізіледі.


ҚР АШМ