Табиғатты қызыл жалыннан қорғайық

Жаз мезгілі басталғаннан, жазғы демалыс немесе еңбек демалысын таза ауада өткізу үшін суға шомылып, табиғат аясына шығамыз. Табиғатта өрттің шығуына көбіне демалушылардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауына және оттың абайсызда тұтануы себеп болады.

Белгілі болғандай, әдетте өрт саны жазғы ыстық күндері ұлғаяды. Шаруа қожалықтарының иелері оларға іргелес жатқан аумақты 4 метрден кем емес қашықтықта жыртып, өрт шыққан жағдайда алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуын қадағалау, өрт қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаларды тағайындау және төтенше жағдайға дайын болуы қажет. Өкінішке орай, табиғатта демалатын кейбір адамдар өздерінің мінез-құлқымен табиғи байлықтарды жоғалту қауіпіне әкелуі мүмкін. Халық арасында “От — өшпес жау”деп бекер айтпайды. Табиғатта немесе таулы жерлерде достарымен, отбасымен және балаларымен бірге құрғақ шөптің өршуі мүмкін екендігін және табиғатта, далада және тауларда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет екенін еске түсіріңіз, бұл арқылы сіз орман мен даланы өрттің туындауынан қорғай аласыз. Жиналған құрғақ шөп пен қоқысты елді мекеннен тыс жерге шығарыңыз. Көптеген адамдар қоқыстар мен құрғақ шөпті тұрғын үйлерге, ғимараттарға жақын аулаларда бақылаусыз өртейді, бұл жиі өрттер пайда болуына әкеледі. Табиғатта жүріп, жүздеген ағаштармен қоса адамның да өмірін сақтап қалу үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін ұмытпаған жөн. Табиғат аясында өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтасаңыз, еліміздің бай табиғатының қорғалуына қосқан үлесіңіз деп есептейміз.

Қ.Әшімов,
аудандық ТЖБ инженері