Төрт түлік дертінен сақ болайық

Сібір жарасы — антропогенді ошақтығымен сипатталатын жіті жұқпалы, аса қауіпті, зоонозды ауру. Қоздырғышы жанасу механизмі арқылы берілетін,тері қабатының карбункул тәрізді зақымдалуымен, қызба және интоксикациямен, кейде сепсис дамуымен сипатталады. Жануарлардың көбінесе шөпқоректілердің ауруы болғанымен, белгілі жағдайларда адамды зақымдайды.

Сібір жарасының қоздырғышы — Bacillus anthracis, грамм оң микробы, ірі қозғалмайтын капсула және спора түзетін бацилла. Қоздырғышы 1863 жылы ашылған. Бацилла сыртқы ортаның әсерінен — температура төмендегенде (26-30С), қоректену заттары азайғанда спора түзеді, яғни бұл қоздырғышты сыртқы қоршаған орта факторларын сақтау үшін.
Споралар өте тұрақты:
Суда 10 жыл сақталады;
Споралар сыртқы ортада — 12-43°С және 29-85% ылғалдылықта, нейтральды ортада өсуге қабілетті;
Табиғат аясында сібір жарасы резервуары болып топырақ табылады, топырақтың түріне байланысты споралар ұзақ уақыт (100 жылға дейін) сақталады;
Споралар 140С құрғақ ыстықта 1-3 сағатта өледі;
Залалсыздандыру заттары әсеріне споралар сезімтал;
Автоклавта 110С, 40 мин кейін өледі;
Сібір жарасына барлық ауылшаруашылық малы сезімтал, ірі және ұсақ мүйізді мал, жылқы, түйе, оларда өте жеңіл түрде өтеді, оның 95% өліммен аяқталады.
Ауылшаруашылық малдарда сібір жарасының жұғу жолдары:
Алиментарлық — жайылымда шөппен бірге топырақ жегенде (құрғақшылықта) және сумен;
Трансмиссивтік – жәндіктер шаққанда ( слепни, жигалки) қан арқылы.
Қазақстанда адамдардың сібір жарасын ауруының жұқпа көздері:
ірі мүйізді мал – 40-42%
ұсақ мүйізді мал – 39-45%
жылқы – 8-14%
шошқа – 5-8%
жануарлардың басқа түрлері – 1-5%.
Жұғу жолдары:
Қатынас арқылы –немесе тікелей (сібір жарасымен ауырған малды сою, бөлшектеу, оларды күту, ауру малдың өнімдерімен жанасу);
Трансмиссивтік (жәндіктердің тістеуі кезінде — слепни, жигалки);
Алиментарлы (жеткілікті өңделмеген етті пайдалану);
Аэрогенді ( қоздырғышты шаңмен жұту).
Жұғу факторлары:
Мал өнімдері – ет, тері, жүн, сүйек;
Ірі қан соратын жәндіктер (слепни, жигалки);
Сирек жағдайда — қи, топырақ, су;
Зертханалық жұғу жолы кездеседі;
Сібір жарасы спораларын диверсиялық (террорлық) жолда пайдалану мүмкін.
Сібір жарасы қоздырғышының организмге енуі:
микротравмалар, қолдағы жаралар арқылы -72%;
бас — 2%;
дене арқылы — 6%;
аяқтар арқылы- 12%;
басқалары — 8%.
Сібір жарасының алдын алу және эпидемияға қарсы атқарылатын шаралары:
Сібір жарасына қарсы жоспарлы вакцинацияны медициналық ұйымдар халықтың мынадай контингентіне жүргізеді:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы және ветеринария саласындағы мемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық органдары мен ұйымдарының, ЖАО ветеринариялық бөлімшелерінің, сондай-ақ күйдіргі қоздырғышының сынамаларын алуды, оның болуына зерттеу жүргізетін зертханалардың мамандары;
2) ет өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың, сою пункттерінің, сою алаңдарының және ішкі сауда объектілерінің жұмыскерлері;
3) СҚП аумағынан жануарларды союмен, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жинау, сақтау, тасымалдау және бастапқы өңдеумен айналысатын адамдар.
Инфекцияның алдын алу жолдары:
Жануарларға күтім жасау кезінде жеке бас гигиена ережелерін сақтаңыз;
Жұқтыру қаупі бар адамдар вакцинациядан өтуі керек;
Шығу тегі белгісіз мал өнімдерін сатып алмаңыз.

Д.Бектенов,
аудандық СЭББ жетекші маманы