МАҢЫЗДЫ/НЕОБХОДИМО ЗНАТЬ

Маусым-шілде айлары демалысқа нағыз қолайлы уақыт. Көптеген отбасылар балаларымен саяхаттауды жөн көреді. Дегенмен, сапар алдында бірнеше маңызды нәрсені есте ұстаған жөн. Шетелге шығатын әрбір баланың жеке паспорты (төлқұжаты) болуы қажет. Паспорт ХҚО-да рәсімделеді. 12 жасқа толмаған балалар үшін құжат әр бес жыл сайын беріледі.
Кейде балалар өскен сайын түрі де өзгереді. Мұндайда шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет.
МАҢЫЗДЫ: Ата-анасының бірі шетел азаматы болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі керек.
Балаларға паспорт алу үшін керекті құжаттар тізімі:

  • Баланың туу туралы куәлігі (құжаттарды ресімдеген кезде баланың болуы міндетті);
  • Ата-анасының бірінің жеке куәлігі;
  • Баланың фотосуреті, оны ХҚО-да жасауға болады;
  • Баж төлемі туралы түбіртек (8 МРП).

***

Иметь собственный паспорт необходимо каждому ребенку, выезжающему за пределы Казахстана. Паспорт получают в ЦОНе. Если ваше чадо не достигло 12-летнего возраста, не забудьте заглянуть на срок действия документа. Загранпаспорт для них выдается каждые пять лет. Но дети растут быстро, и сотрудники пограничной службы порой не могут узнать ребенка по фотографии. В таком случае паспорт подлежит обмену, даже если его срок еще не окончен.

НЕОБХОДИМО ЗНАТЬ: при различном гражданстве родителей потребуется нотариальное согласие от родителя иностранца.

Список документов для получения детского паспорта:

  • Свидетельство о рождении ребенка;
  • Документы и присутствие одного из родителей;
  • Фотографию ребенка можно сделать прямо в отделении ЦОН;
  • Квитанция об оплате госпошлины (8 МРП).