Ел үшін ерлік еткен есіл ер

Қазақтың даласында аса жауапты тарихи сәттерде, халқының тағдырына, елі мен жеріне қауіп төнген кезде, батырлардың жан кешті ерліктерінің арқасында ғана, елі мен қасиетті жерді сақтап қалу мүмкін болды.

Ұлы Отан соғысының қан майданында батырлар ерлікпен қаза тапты. Соғыс жылдарында қазақ жерінен атанған сарбаздардың 500-ге жуығы «Кеңес одағының батыры» атанды. Соның бірі – Алматы облысы, Ескелді ауданының тумасы, батыр — Матай Байысұлы.
Матай Байысұлы — 1903 жылы бұрынғы Талдықорған облысының, Талдықорған ауданындағы Чубар ауылында (қазіргі Алдаберген ауылы) дүниеге келген. 1922-1926 жылдары бастауыш мектепте оқыған, кейін 2 жыл қатардағы жұмысшы болып еңбек етеді. 1928-1932 жылдары Көксу (Талдықорған ) ауданындағы комсомол ұйымының хатшысы болады. 1933-1934 жылдары сол аудандағы «Батрак» колхозының бастығы болып қызмет атқарады. 1934-1936 жылдары Қоғалы (қазіргі Гвардейский) ауданындағы «Баскөпір» колхозының бастығы болады. 1936 жылы Алматы облысындағы «Қарғалы» мақта-мата комбинатының директоры жұмысын атқарады.
1937 жылы Көксу ауылшаруашылық техникумын бітіріп, әртүрлі ауылшаруашылық саласындағы жұмыстарды істейді.
1940 жылы бір жылдық Алматыдағы ауылшаруашылық (СХИ) бітірген соң, Талдықорғандағы МТС №3 (қазіргі Талдықорған жөндеу зауыты) директор қызметіне тағайындалады. Партия ұйымына белсенді ат салысқан.
Матай Байысов ел басына ауыр кун туғанда, өзі сұранып әскер қатарына шақырылады. Сол кезге дейін соғысқа аттанбауы денсаулығына байланысты еді, көзі нашар көруіне орай бірнеше рет военкаматқа барғанымен қайтарылып отырған.
1942 жылы 2-қазанда Совет армиясы қатарына шақырылып, майдан шебіне аттанды. 136-шы атқыштар дивизиясының 342 — ші атқыштар пулемет командиры болды.
Генерал Сергей Штеменко, «Днепр үшін шайқас» деген естелігінде: «1943 жылы 29-қазанда Гитлердің құпия берілген бұйрығында: «Мен оңтүстік пен батыс бағытының барлық күшін шығыс бағытқа жұмылдыруды тапсырдым, өйткені, басып алынған Днепрдің маңайындағы ауылдарды, жол торабын бермеу үшін барлық күшті соған жұмылдыруды ұйғарамын» — делінген.
1943 жылдың қазан айында Днепр өзенінен өтіп, жауды ығыстыру туралы бұйрық келеді. Қазанның 2-сі. Днепрдін оң жағалауына алғашқы болып өткендердің арасында Матай Байысов бар еді.
Гүрсілдеп жарылып жатқан бомба, снаряд, мина, жалын, түтін, өрт. Матай Байысов құрамындағы батальон осы бір сұрапыл шайқаста жауапты тапсырма алған. Өз шебінен бірде-бір фашист басқыншыларын өткізбей, 40–тан астам жау солдаттарын жер жастандырды. Бұл күні батальон алған қойған міндетін ойдағыдай орындап, жауды едәуір шегіндіріп тастады.
Фашистер шабуылына 342, 358, 269-ші атқыштар полкы мен 492 минометты полкы, 343 артиллериялық полк тойтарыс берді. Шабуылдар тоқтамастан бірнеше рет қайталанды. Осы кезде 342-ші атқыштар полкы Гемановка-Долина, Мировка мен Казимировка жолын басып алып, сонда бекінген. Неміс фашистерден жол торабын тартып алып, батальонның алға жылжыуына тосқауыл болып тұрған жау бекінісін жойып, жол аршу қажет болды. Жаудын 3 танкты, 2 ротасымен бүйірден жасалаған шабуылы тойтарылды. Осы шайқаста артқа шегінген неміс фашистері Черняхов ауылына жылжыды. Шегінген неміс басқыншыларын жою үшін 342-ші атқыштар полкының батальоны жіберілді. Бірақ, Черняхов ауылы жартылай жау қолына өткен еді.
Осы Черняхов ауылын неміс басқыншыларынан азат етуде, 11-қарашада батальон толығымен қоршауда қалып, шыға алмады. Сол күні ауыл маңындағы кескілескен шайқаста расчет командирі мен пулемет наводчигі оққа ұшып, Байысов пулеметты тоқтатпай бір өзі иеленді. Қаптап келе жатқан жауға өзі қарсы тұрып, осы шайкаста ауыр жараланып, қаза болды.
Матай Байысов өзіне жүктелген қандай да болмасын міндетті асқақ ержүректіліпен, жауапкершілікпен орындады.
1944 жылы 10-қаңтарда ССР Жоғарғы Советі Президиуымының Указы бойынша Матай Байысұлына сол тұстағы ең жоғары наградалардың бірі -«Кеңес Одағының батыры» деген атақ берілді.
Батыр қабірі Украина жерінде, Киев облысы, Обходин ауданы, Черняхов ауылындағы «Бауырластар зиратында» 400-ге жуық жауынгерлермен бірге жерленген.
Қазіргі кезде Алматы облысы, Ескелді ауданындағы, Алдабергенов ауылында батыр тұлғаның есімімен Алдабергенов ауылындағы көше, орта мектеп, Ескелді ауданындағы бұрынғы Буденный ауылы 2000 жылы Матай Байысовтың есімімен аталынды. Өзі оқыған мектебіне Талды-Курган аудандық Кеңесінің жұмысшы депутатары атқару комитетінің 1956 жылғы 21 желтоқсандағы № 2I протокол хаттамасына сәйкес Чубар орта мектебіне Кеңес Одағының батыры Матай Байысов атына өзгерту туралы шешім қабылданды.
«Ер есімі- ел есінде» деген қанатты сөзге тоқталсақ, Матай Байысовтың есімі келешек ұрпаққа өзінің ерлігімен үлгі- өнеге болары анық.

«Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі