Мемлекеттік қызметкерлер сынға түспек

Апта ортасында Талдықорған қаласындағы «Жастар» cпорт сарайында «Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай Алматы облысы мемлекеттік қызметкерлер арасында XIV жазғы Спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған спартакиадаға Алматы облысының жергілікті және орталық мемлекеттік органдарының 32 командасы қатысты.
Аталмыш додада қатысушылар спорттың 7 түрінен сынға түспек. Мемлекеттік қызметшілер тоғызқұмалақ, бильярд, волейбол, шағын футбол, жүзу, үстел теннисі, қазақ күресі ойындарынан шын мықтыны анықтамақ. Спартакиада Талдықорған қаласындағы орталық жүзу бассейнінде және «Динамо» спорт кешенінде өтеді. Спартакиада үш күнге созылады.
Айта кетсек, жалпы Алматы облысында бүгінде 6695-ге жуық мемлекеттік қызметші жұмыс бар. Олардың 20 пайыздан астамы 29 жасқа дейінгі жастар, Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 40,6.