Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы облысы бойынша департаментімен «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық байқауының өңірлік кезеңі өткізілді.
Өңірлік комиссия құрамы мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралған болатын.
Мемлекеттік қызметші күніне арналған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы, мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған өз жобаларын қорғады. Байқауға жергілікті және орталық мемлекеттік органдардан 39 мекеме қатысты.
Аталған конкурсты өткізудің мақсаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, жұмыстағы клиентке бағдарланудың негіздерін ынталандыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың имиджін нығайту болып табылады.
Өңірлік комиссия отырысының қорытындысы бойынша республикалық деңгейде қорғау үшін үш үздік жоба таңдалды.
1. Талдықорған қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы.
2. Қапшағай қаласының №4 психологиялық-педагокикалық түзету мектебі (КППК№4).
3. Панфилов ауданы халықты жұмыспен қамту орталығы КММ.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз.