«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 167-р өкімімен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі
2022-2024 жылдарға арналған жол картасының 82-тармағына сәйкес өткізіледі.
Конкурсты өткізу кезеңі: 2022 жылдың маусым-қазан айлары. Конкурсқа құжаттар 2022 жылдың 10 маусымынан бастап 30 маусымына (қоса есептегенде) дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында үш жылдан кем емес өтілі бар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылығы үшін алынбаған тәртіптік жазалары жоқ, сондай-ақ соңғы 1 жылда қоғамда теріс пікір тударатын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, 2021 жылғы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау қорытындысы бойынша «тиімдіден» төмен емес бағаланған кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне жол беріледі.
Конкурсты өткізу туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында және облыс әкімдіктерінің сайттарында орналастырылған.
https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/382427?lang=kk
Конкурсты өткізудің жалпы ережелерімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады.
(https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/312652?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu/documents/details/310110?lang=kk).
Конкурс құжаттарын ags_2010@mail.ru эл. поштасына жолдаңыз.
Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 8-7282-240804, 8-701-7774580 тел. нөміріне хабарласуға болады.