Жетісу жұлдыздары — 2022

 1 маусым күні Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында  Облыс әкімінің жүлдесі үшін   «Жетісу жұлдыздары — 2022» балалар шығармашылығы  байқауының марапаттау рәсімі және Гала-концертті өткізілді. Ескелді ауданынан  қатысқан үміткерлерімізге жоғарғы деңгейде көрсеткен өнерлері үшін жүлделі орындар табысталды.

«Көркемсөз» номинациясы бойынша Бақтыбай ауылы, Б.Жолбарысұлы атындағы мектептен Досжан Айдана белсене қатысқаны үшін арнайы жүлдемен, «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша Жетісу ауылы, Жетісу орта мектебінен Дәуенұлы Серуен III орын, «Сурет салу» номинациясы бойынша Қаратал ауылы, Қаратал мектебінен Ерханатқызы Еңлік III орын,

«Қолөнер» номинациясы бойынша Сырымбет ауылы, Ж.Жақыпбаев орта мектебінен Бекбосынова Аружан II орын Дипломдарымен және ақшалай сертификаттармен марапатталып, ауданымыздың мәртебесін асқақтатып, жүлделі орындар алып қайтты. Жас таланттарымызға шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Ардақ Комекова, Аудандық мәдениет үйінің әдіскері