Битшеңдік қаншалықты қауіпті?

Битшеңдік – адамның жалпы паразиттік ауруы, оның қоздырғышы белгілі бір паразиттер-биттер, кішкентай қан соратын қанатсыз жәндіктер. Өкінішке орай, бастың битшеңдігі жылдар бойы өзекті мәселе болып қалуда. Жыл сайын мектептер мен бала-бақшаларда педикулез жағдайлары көбеюде.

Бастың битшеңдігі негізінен — мектепке дейінгі, кіші және орта мектеп жасындағы балалардың ауруы. Көбінесе балалар мен жасөспірімдер жұқтырады, жиі қыз балалар ауырады.
Бұл дерт бастың биттерін жұқтырған адаммен байланыста болған кезде, көбінесе науқас пайдаланатын заттарды қолданған кезде жұқтырады. Битшеңдік өте тез таралады, аурудың қоздырғыштары – биттер басқа да бірқатар тері ауруларын тудыруы мүмкін. Сондықтан үйде де, балабақшада да, мектепте де битшеңдіктің алдын-алудың маңыздылығын елеусіз қалдыруға болмайды. Егер балалар тобында кем дегенде бір битшеңдік жұқтырған бала болса, онда топтағы басқа балаларға жұғу қаупі жоғары, өйткені битшеңдік — “ұжымдық ауру”. Көбінесе битшеңдік гигиенаны сақтамаумен байланысты, бірақ күнделікті бас жуудан битшеңдіктен құтылмайтынын көп адам біле бермейді. Битшеңдіктің таралуына балалардың белсенді ойындары ықпал етуі мүмкін, оның барысында шаштың жанасуы, ұйқы және басқа іс-шаралар кезінде балалардың байланысын болдырмау мүмкін емес. Сондықтан әлеуметтік жағдайы жақсы отбасылар да биттерді жұқтыруы мүмкін.
Ауруды қалай анықтауға болады? Кейде сіркелерді қайызғақпен шатастырады. Битшеңдік қышумен, тістеген жерлердің терісінде бөртпелердің, бактериялық инфекция қосылған кезде пустулалардың пайда болуымен сипатталады, құлақ және шүйде лимфа түйіндерінің ұлғаюы да мүмкін.
Битшеңдікітің асқынуы: жиі кездесетін бастың битшеңдігі бас терісінің жағымсыз қышуы мен бас терісінің қайталама инфекциясынан басқа аса қауіптілік тудырмайды. Киімнің биті – сүзек жұқпалардың таратушысы, бүгінгі таңда жиі кездеседі. Бұл инфекция негізінен үнемі жууға және таза киім киюге мүмкіндігі жоқ адамдар арасында жиі кездеседі. Сүзек жұқпасы жалпы температураның жоғарылауымен, бөртпелердің пайда болуымен және басқа да белгілермен байқалады. Бұл жағдайда инфекционист дәрігердің кеңесі және инфекциялық бөлімшеде оқшаулап емдеуді қажет етеді.
Битшеңдіктің алдын алу шаралары:
Жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау;
Шашты үнемі қырқу және күнделікті тарау;
Денені ыстық сумен және сабынмен үнемі жуу, іш киімді ауыстыру;
Киімді жоғары температурада жуу;
Сыртқы киімді, төсек-орын жабдықтарын жүйелі түрде тазалау және оларды таза ұстау;
Киім мен төсек-орындарды үтіктеу;
Төсек жабдықтарын уақтылы (аптасына кемінде 1 рет) ауыстыру;
Тек өздерінің төсек-орын жабдықтарын, киімдерін және жеке гигиена заттарын пайдалану;
Бассейнде шашты қорғау үшін арнайы бас киімді пайдалану;
Кездейсоқ жыныстық қатынастан бас тарту;
Балаларда, сондай-ақ халық арасында битшеңдікті анықтау үшін кезеңдік медициналық қарау жұмыстарын жүргізу;
Балалар мекемелеріне педикулездің әкелінуіне жол бермеу.

Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы