Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігі мәлім. Спортпен айналысқан мектеп оқушыларының денсаулығы мықты, өзі шыдамды болатыны белгілі. Ата — бабамыз “тәні саудың – жаны сау” — деп бекер айтпаған. Ұлы ойшыл Ибн Сина: «Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керек» деген екен.
Киелі Ескелді жерінің мектеп оқушылары да спорттан кенде емес. Түрлі сайыстарда топ жарып келеді. Қазіргі таңда үстел теннисі елімізде өте кең тараған ойындардың қатарына еніп отыр. Ойын кезінде жоғары қозғалыс белсенділігімен ерекшеленетін ойын түрін ойнай отырып, баланың бойына жылдамдық, шапшаңдық пен ептілік, қимылды дұрыс басқарушылық, зейінділігін арттыру, көзбен мөлшерлеу, тез шешім қабылдап, ойлау сияқты қабілеттіліктерін қалыптастырады. Осы тұста жуырда Қонаев қаласында өткен үстел теннисі жарысынан облыстық ұлттық мектеп лигасына Ескелді ауданының Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты. Барған жерден бал асап қайтқан саңлақтар үздіктер қатарынан табылып, жүлделі I орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі