Алматы облысы ҰБТ өткізілетін орындарындағы оқушылардың қауіпсіздігі

Алматы облысында мектеп бітіруші түлектері үшін негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу 4 аумақтық орындарындағы (Еңбекшіқазақ, Қарасай, Панфилов аудандары және Талдықорған қаласында) 14 аудиторияда өткізіледі.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ұялы телефон дабылдарын басу құралдары орнатылуына байланысты үй-жайларда 2022 жылғы 13-14 мамыр аралығында Алматы облысы «Ұлттық сараптама орталығы» және Іле аудандық «Ұлттық сараптама орталығы» бөлімшесінің мамандарымен электромагниттік өрісінің деңгейін анықтау үшін 936 өлшеулер жүргізілді.
Зертханалық өлшеу қорытындысы электромагниттік өрісі деңгейі нормативтік көрсеткіштерге сәйкес екені анықталды.