Ескелді ауданы Абай ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны (Видео)

Бұл полигон 2006 жылы салынған. 2018 жылы аудан әкімдігінің қаулысымен «Ауданның ТКШ және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ балансына берілді.

2019 жылы «AIBM Group» ЖШС-мен полигонды 5 жыл мерзімге сенімді басқаруға беру туралы шарт жасалды. 2021 жылы шарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты ол бұзылды.

Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша «ДАТ пласт» ЖШС жеңімпаз болып жарияланды.

Қазіргі уақытта полигонды тазарту жұмыстары жүргізілуде.