Бүгін ауданның барлық мектептерінде 9 мыңнан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылды. Оның ішінде 480 түлек мектеппен қоштасты.
Шестаков атындағы орта мектептің оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиынға аудан әкімі қатысты. Рустам Али түлектерді мектеп бітіруімен құттықтап, оқуда және жасампаз бастамаларда табыс тіледі.
Енді мектеп түлектерін жоғары оқу орындарына, колледждерге түсу немесе жұмысқа орналасу таңдауы күтуде. 340 талапкер ҰБТ тапсыруға өтінім берді, оның 16-сы биыл «Алтын белгіге» үміткер.
Ескелді ауданы әкімінің баспасөз қызметі