Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД-ның № 2 қаулысы) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасында халықты коронавирус инфекциясына қарсы профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу алгоритмінің (бұдан әрі – Алгоритм) 129-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«129. Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады.
КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.»;
2) Алгоритмінің 130-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«130. КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:
1) медицина қызметкерлері;
2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;
3) күш құрылымдарының қызметкерлері;
4) педагогтар;
5) пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;
6) 50 жастан асқан адамдар.».
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы 2022 жылға 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова