Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!/ Уважаемые учителя, учащиеся, родители!

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

Сіздерді Соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әр мектепте Соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр. Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің шәкірттерін өмірге қанаттандыруда. Әр мектептің түлегіне жанына жақын мамандықты таңдап, еліміздің білікті маманы атануларын тілектеспін. Ал, мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін.

Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың тиісті деңгейде білім алуына үлкен назар аударып, сонымен қатар, ауданның білім саласы қызметкерлерінің еңбегін бағалап, барынша түсіністікпен қарап, көмек көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

Құрметті ұстаздар! Сіздердің кәсібиліктеріңіздің арқасында біздің оқушыларымыз әр түрлі бағыттарда білімдерін шыңдап, күн сайын танымдарын толықтыруда. Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке, еңбектеріңіздің жемісін көрулеріңізді тілеймін. Бағаланбас еңбектеріңіз үшін сіздерге мың алғыс! Алда күтіп тұрған жазғы демалыстарыңыз сәтті өтсін. Келесі жаңа оқу жылында қуантатын жақсы жаңалықтарымыз көп болсын!

Ізгі ниетпен,

М.Бектуров, Алматы облысы білім басқармасының

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы

***

Уважаемые учителя, учащиеся, родители!

От всей души поздравляю вас с праздником Последнего звонка!

Праздник Последнего звонка — это радостное и в то же время грустное событие в истории каждой школы. Дети, переступившие 11 лет назад порог родной школы, сегодня шагают в большую жизнь, полную новых впечатлений. Желаю каждому выпускнику выбрать себе достойный путь в жизни и стать квалифицированными специалистами своей Родины. Нашим первоклассникам, успешно завершившим свой первый учебный год, а также всем ученикам желаю хорошо провести летние каникулы, набраться сил и с наилучшим настроем вернуться к новому учебному году.

Уважаемые родители, хочу поблагодарить вас за то, что вы уделяете огромное внимание образованию ваших детей, за понимание и поддержку к работе работников сферы образования.

Уважаемые учителя! Благодаря вашему профессионализму наши ученики совершенствуют свои знания в самых различных направлениях и с каждым днем пополняют свой багаж. Спасибо Вам за ваш бесценный труд! Пусть предстоящие летние каникулы пройдут успешно. Желаю вам здоровья и семейного благополучия. Пусть у нас будет много хороших новостей, которые порадуют всех в следующем новом учебном году!

С уважением,

М. Бектуров, руководитель отдела образования по Ескельдинскому району Управления образования Алматинской области