Стенд сессиясы өткізілді

17 мамыр күні Алдабергенов ауылындағы Байысов атындағы орта мектебінде облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Коллаборативті басшылықты жүзеге асырудағы жетекші мектеп тәжірибесі» стенд сессиясы өткізілді. Іс-шараға 17 аудан мен 3 қаланың мектеп директорлары және мектеп директорларының орынбасарлары қатысты.

Ескелді ауданынан Қарабұлақ орта мектебінің директоры Баяхан Айдын Ықыласұлы және мектеп директорының орынбасары Айтибаева Алия Козаировна қатысып, II дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі