Ауыл жастарымен кездесу

Бүгін елімізде өткізілетін референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Тажмағамбетова Мақпал Мазаққызы және Алимбаев Данияр Кеңғазыұлы, сонымен қатар «AMANAT” партиясы Ескелді аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жайық Тазабекұлы, аудандық мәслихат хатшысы Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы және Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Әлімбеков Жұмағұл Әбдіраманұлы сонымен қатар Ескелді аудандық прокуроры Шойбеков Құралбек Маратұлы Ескелді аудандық дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің ұжымы және жастармен кездесу өткізді.

✅Кездесу барысында референдумға қатысу әрбір азаматтың парызы екендігін, референдум еліміздің болашағын айқындауға бағытталған шара екендігін түсіндірді.

✅Еліміз бойынша 2022 жылдың 5 маусымы күні жалпыхалықтық референдум өтетінін, соған байланысты штаб мүшелері халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастағанын жеткізіп, қатысушыларды референдумға шақырды.

Ескелді ауданы әкімінің баспасөз қызметі