Қарасай ауданы мен Текелі қаласының тұрғындары 100% вакцина алды

Алматы облысында 12 жастан бастап тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні өңір бойынша 366 вакцинация және 67 жылжымалы пункт жұмыс істеп тұр.
2022 жылдың 19 мамырындағы жағдайы бойынша облыста вакцинаның бірінші компонентін 1 039 170 адам, екінші компонентті – 981 244 азамат алды.
Ақсу, Балхаш аудандары және Қонаев қаласының тұрғындары вакцинаның бірішні компонентімен 100% егілді, Қарасай ауданы мен Текелі қаласының тұрғындары толық 2 курсты аяқтады.
Қазіргі уақытта облыс тұрғындары үш вирусқа қарсы препараттан вакцина таңдай алады, олар: «QazCovid-in», «SinopharmVeroCell» және Comirnaty (Pfizer).
Сонымен қатар, облыста жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары жүргізілуде. Облысқа барлығы 451 620 доза Комирнати вакцинасы келіп түсті. Бүгінгі күні вакцинацияланған халық саны 136 213 адамды құрайды, оның ішінде 107 889 жасөспірім, 4574 жүкті және лактация кезінде 17 595 әйел бар.
Одан бөлек, 349 642 адам иммундаудың толық курсынан өтті. Оның ішінде 299 381 адам «QazCovid-in» және «SinopharmVeroCell» вакциналарын алса, 50 261 адам Comirnaty (Pfizer) вакцинасын алды.