«АМАNАТ» партиясы Президенттің жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдайды

Партия Төрағасы Ерлан Қошанов Президенттің биылғы Жолдауында айтылған ауқымды реформалар сайлау, партиялық және сот-құқықтық жүйесін, аумақтық-территориялық құрылымы мен мемлекеттік биліктің бөліну принципін түбегейлі өзгертетінін айтты.

Өз кезегінде, «AMANAT» партиясы Конституциялық реформаның маңыздылығын терең түсіне отырып, алдағы референдумды өткізуді толық қолдайды. Осы орайда, Ескелді аудандық партия филиалының штаб мүшелері ағымдағы жылдың 5 маусым күніне жоспарланған тарихи оқиғалардың бірі Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Референдумды түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауылдық округтер мен шалғай елді мекендерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастырып сайлаушылармен кездесулер өткізуде.

Алғашқы кездесудің бірі «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанынан құрылған түсіндіру тобының мүшелері Мұқанов Серік Мейірханұлы және Құсмолданова Сауле Рысбекқызының қатысуымен Шымыр ауылындағы М.Маметова атындағы орта мектеп ұжымымен өтті. Аудандық партия филиалының штаб мүшелері Сатанов Қанат Нұсіпжанұлы «Қазақтелеком» АҚ ұжымымен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, Тортаева Үміт Бақтыбекқызы және Рамазанова Гүлшат Аққалиқызы ауыл тұрғындарымен және балабақша қызметкерлерімен кездесулер өткізді. Аудандық партия филиалының штаб мүшелері ауданымыздағы барлық 11 ауылдық округте түрлі санаттағы тұрғындармен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Еліміз түбегейлі өзгерістердің алдында тұрғаны анық. Аса жауапты кезеңде отандастарды осындай саяси оқиғадан тыс қалмай, референдумға қатысуға шақырады!

Назерке Қожагелдинова, «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының консультанты