Білім мен білік арттырған семинар

Жақында аудандық білім бөлімінің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясында «Қазақстан тарихы сабағында контекстік тапсырмалармен жұмыс істеу жолдары» тақырыбындағы семинар өтті. Семинарға аудан бойынша 25 мұғалім қатысты.
Семинар барысында Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі З.Ержанова «Тарихи тұлғалар бойынша бойынша контекстік тапсырмалар», М.Мәметова атындағы орта мектебінің мұғалімі Қ.Орунханов «Тарихитұлғалар» контекстік тапсырмалар үлгілері», Титов атындағы орта мектебінің мұғалімі Г.Байтұрбаева «Мән-мәтіндік тест тапсырмаларының үлгілері», Б.Жолбарысұлы атындағы орта мектебінің ұстазы Г.Асылбаева «Мән-мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру», С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің мұғалімі Қ.Бектемирова «Қазақстан тарихы бойынша контекстік мән-мәтіндерді оқушылармен талдау әдістері» тақырыбында тәжірибелерін ортаға салып, қарым-қабілетімен бөлісті. Әдістемелік орталық әдіскері М.Бодауов «Spacedesk бағдарламасымен қашықтықтан басқару», «Mozaik бағдарламасы арқылы цифрлық білім беру және оқыту» тақырыбында тәжірибелік жұмыс ұйымдастырды.

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі