Мейірімділік жүректен

Жас ұрпаққа отансүйгіштік, мейірімділік сезімдерін қалыптастырып, қарт адамдарға құрмет көрсете отырып, ардагерлердің бір күндік тіршілігіне атсалысу, жыл санап қатары сиреп бара жатқан соғыс ардагерлеріне үнемі көмек көрсетіп, олардың көңілін аулау мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында ардагерлердің бір күндік тіршілігіне атсалысу мақсатында Бақтыбай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысының ұйымдастыруымен  «Мейірімділік жүректен»  атты іс –шарасы өтті. Шараның барысында ауылымыздың ерікті жастары  жалғыз басты қарт ананың үй ауласын тазалап беру арқылы көмек қолын созды. Округімізде осындай игі іс-шаралар әлі де жалғасын таппақ.

А.Ешмуханбетова,

Бақтыбай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы