Еуропалық иммундау апталығы 2022 жыл

ДДҰ-ның еуропалық аймағы аурудың алдын-алу және өмірді қорғау

үшін иммундаудың маңыздылығы туралы хабардар болу үшін жыл сайын

Еуропалық иммундау апталығын атап өтеді. 2022ж. 24 – 30 сәуір аралығында

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа

аймағында, соның ішінде Қазақстан Республикасында «Барлығына ұзақ

өмір!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі.

«Барлығына ұзақ өмір!» ұранымен өткізілетін 2022 жылғы Еуропалық

иммундау апталығының мақсаты – вакциналарға тең және кең қол

жетімділіктің маңыздылығын атап өту, бұл әр адам үшін ұзақ және салауатты

өмір салтын қамтамасыз етуге ықпал ететіндігін хабарлау.

Қазіргі таңда жаһанда вакцинация инфекциялық аурулармен

күресудің ең тиімді және экономикалық адал әдістерінің бірі.

Жыл сайын вакцинациялаудың нәтижесінде 3 миллиондай сәби

ажалдан аман қалып, 750 мыңдай бала мүгедектіктен арылады. Вакциналар

бәрімізге толыққанды өмір сүруге мүмкіндік пен үміт береді. Бұл үшін

бәріміз күресуіміз керек.

Вакцинациялау халық денсаулығын сақтауға, ұлт қауіпсіздігін

қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасының Ұлттық

күнтізбесіне сәйкес тұрғындарға 20 жұқпалы ауруға қарсы ақысыз, жоспарлы

түрде иммундау жүргізіледі. Профилактикалық күнтізбедегі инфекцияға

қарсы вакцинация тегін жүргізіледі. Әр адам тегін екпе алуға құқылы.

Егудің көбін нәресте бірінші жылында алады. Бұл баланың шектеулі

байланыстан қажетті иммунитеті балабақшаға барған кезде көп көлемді

инфекциядан қорғану үшін осы кезде қалыптасады. Ауру балалық шағында

ауыр түрде өтеді. Кейбір ата-ана егуге салғырт қарап немесе бас тартып өз

баласын аурушаңдыққа итермелейді. Дәрігер ұсынған тізім мен егу уақытын

сақтау қажет. Бүгінгі таңда қызылша, көкжөтел мен дифтерия ауруына

шалдығулар дамыған елдерде бірен-саран тіркеледі. Бұл вакцинацияның

тиімділігінің талассыз айғағы болып табылады. Ата-аналар балаларының

вакцинациясына жауапкершілікпен қарауы керек.

Ең бірінші, әрбір ата-ана бұл екпенің не үшін керек екенін білуі керек.

Пайдасы болатынына сену керек. Екіншіден, екпе салмаса қандай қауіп

барын түсінуі тиіс. Одан кейін баланың жалпы бұрыннан қандай екпе

алғанын, қай екпеге аллергиясы немесе реакция болғанын білуі керек. Дәріге,

тамаққа қандай аллергия бар соны да білуі тиіс. Екпеге барарда баланың

жағдайына да қарау қажет. Созылмалы аурулары, басқа ауруы бар ма соның

бәрін біліп, екпе салатын дәрігерге айтуы тиіс.

Вакцинацияға жіберер алдында дәрігер қандай инфекцияға қарсы егу

жүргізілетіні және қандай препарат салынатыны жайлы айтып түсіндіреді.

Дәрігер вакцина қоюдың алдында баланы қарап, ата-анасы толығымен

ақпараттанған болуы тиіс және өз қалаулары бойынша ақпараттық келісім

жазылады.

Құрметті ата-аналар! Вакцинациялау арқылы алдын алуға болатын

жұқпалы аурулардан жер бетінде жүзмыңдаған балалар өмірмен қоштасуда.

Біз аталмыш аурулардан балаларымызды қорғаудың ең сенімді жолы —

уақытылы вакцинациялану екенін естен шығармауымыз қажет.

А.Берликожанова,

 Ескелді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының  бас  маманы