«Қиял мен шындық араласқан әлем» тақырыбында аудандық көркем еңбек пәнінің мұғалімдеріне арналған семинар

2022 жылы 21 сәуір күні Ш.Уалиханов АОМГ базасында аудандық білім мекемелерінің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері арасында семинар өтті.

Семинар ашылуын «БИНГО» әдісі арқылы әдіскер А.Куттыбаева тренинг өткізді. «Мұғалім шығармашылығын насихаттаудағы әлеуметтік желінің рөлі.» тақырыбында Жалғызағаш ОМ көркем еңбек пәні мұғалімі Ж.Рахимбеков өз әлеуметтік жеке блогімен таныстырып, іс-тәжірибесімен бөлісті. «Қиял мен шындық араласқан әлем» тақырыбында семинар тақырыбы бойынша мұғалімдермен түсіндерме жұмыстарын жүргізді. «Шеберлік зертханасы» Ш.Уалиханов АОМГ көркем еңбек пәні мұғалімі Болатұлы Қастер өз жұмыстарын ортаға салып іс-тәжірибесін ортаға салды. Тақырып аясында семинарға қатысқан мұғалімдермен жұптық жұмыс жүргізілді.мұғалімдер белсенді қатысты. «Spacedesk» бағдарламасымен қашықтықтан басқару. Mozaik бағдарламасы цифрлық білім беру және оқыту бағдарламасы бойынша әдіскер М.Бодауов мұғалімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қызығушылықтарын арттырды. Семинар соңында мұғалімдерге «Алақан» әдісі арқылы кері байланыс алынып, мұғалімдер жағынан жақсы сөздер айтылды.

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі