Облыстық Мағжан Жұмабаев оқулары

2022 жылдың 21 сәуір күні жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық Мағжан Жұмабаев оқулары өтті. Аталған байқаудың «Өлең менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша Жетісу орта мектебінің оқушысы Жақсылық Нурикамал (жетекшісі — Раушан Исабаевна) 3-орын, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша Жалғызағаш орта мектебінің оқушысы Қайратқызы Гүлжанат (жетекшсі-Орынтай Мұратхан) 2-орын иегерлері атанды.

Жеңімпаздарымыз бен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі