Ескелді ауданының 2021 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы

Ағымдағы жылғы 18 сәуір күні аудандық мәслихат хатшысының төрағалығымен жетінші шақырылған Ескелді аудандық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Ескелді ауданының әкімі Р. Али, әкімнің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, ҮЕҰ, қоғамдық кеңес өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Депутаттар алдында «Ескелді ауданының 2021 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы» экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Бейсекулова, «Ауылдық округтер бюджетінің орындалуы туралы» Қарабұлақ а.о. әкімі Дүйсебаев Б., Бақтыбай а. о. әкімі Саскебаев А., «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші органның 2021 жылы атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы» аудан әкімінің орынбасары Ж. Әлімбеков.

Сессия жұмысы барысында аудандық мәслихат депутаттары аймақтың барлық тұрғындарына қатысты сұрақтар қойылды: қоқыс полигондарына қатысты, олардың аумақтарын тазарту, қоршау, қоқысты қайта өңдеу бойынша жоспарлар. Сондай-ақ, көшелерді орташа жөндеу бойынша сұрақтар қойылды.

Аудан әкімі барлық сұрақтарға толық жауап берді.

Тыңдалған есептерді депутаттар бірауыздан қабылдады.

Ескелді ауданы әкімінің баспасөз қызметі