14 сәуір күні Байысов ауылындағы Рүстембеков атындағы орта мектебінде «PYTHON программалау тілінің ерекшеліктері» тақырыбында информатика пәнін жүргізетін мұғалімдерге арналған аймақтық тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
Іс-шара пән мұғалімдеріне мектеп бағдарламасындағы python программалау тілінің ерекшеліктері бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында өтті. Семинардың ашылуын Алматы облысының әдістемелік орталығының әдіскері Адильбаева Ардақ Мұратовна және аудандық әдістемелік орталығының әдіскері Сейтбаев Бейбіт Құдайбергенұлы жүргізді. Қатысушылардың шара кезінде көңіл-күйлерін позитивті арнаға қою үшін Мелькомбинат НОМ педагог-психологі Касенова София Маратовна «Шашу» атты психологиялық ахуал өткізді. Семинар барысында қатысушылармен практикалық алаңдар жүргізіліп, Қарабұлақ орта мектебінен А.Башабаева «Python бағдарламасында тапсырмалар орындауда қолданатын әдіс-тәсілдер», Абай орта мектебінен Д.Сыдыков «Python программалау тілі», Жақыпбаев АОМ М.Базарбаев «Аrduino uno платасын python программалау тілінде басқару» тақырыптарында коучингтер, Қаратал орта мектебінен К.Михов «Решение задач по программированию для развития функциональной грамотности учащихся», Алдабергенов АОМ Н.Мельникова «Применение цифровых образовательных платформ, при изучении языка программирования python», Ш.Уәлиханов АОМГ А.Аязбаева «Python программасында QR code жасау» тақырыптарында мастер-класстар көрсетілді.
Сонымен қатар, семинар қатысушыларына Бақтыбай АОМ Қ.Жаншойынов «Создание игры на Python» тақырыбында мастер-класс, аудандық оқу-әдістемелік орталығынң әдіскері М.Бодауов «Unity бағдарламасымен жұмыс» тақырыпта презентация ұсынып, әдіскерлер Б.Сейтбаев, Т.Тұрсынхан «Кім жылдам» атты интеллектуалды ойын жүргізді. Үзіліс кезінде семинарға жиналған қауымға мектеп оқушылары тарапынан дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды. Шара соңында облыстық әдістемелік орталығының әдіскері А.Адильбаева кері байланыс алып, семинардағы сөз сөйлеушілерді сертификаттармен марапаттады.
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі