ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫНАН РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШ

2018 жыл Алматы облысы Ескелді ауданының шаруа қожалықтары үшін табысты болды. Қызылша өңдеу зауыттарына 120 мың тонна шикізат тапсырылды.

-Ауданда өткен жылы 150 шаруа қожалықтары 2236 гектарға тәтті түбір септі. Ал, биылғы жылы алқап көлемін 2236 гетардан 2600 гектарға өсіру жоспарланып отыр.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша орташа өнімділік гектарынан 520 центнерді құрады. Мысалы, «Бимуратов А.», «Мұхаметжанов К» шаруа қожалықтары гектарынан 700-760 центнер тәтті түбір алды.

Сондай-ақ, аудан әкімі Б. Тәнекенов Қарабұлақ ауылындағы қант зауытын іске қосу туралы жоспарларымен бөлісті:

«Бүгінгі күні бұрын тоқтап тұрған зауытты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Зауытты жаңғырту жеке кәсіпкердің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Қант зауытын қайта жаңғырту бойынша бастапқы кезең Инфрақұрылым тарту болады», — деді ол. Сондай-ақ, қант қызылшасын жинау және сақтау үшін «Қагат өрісін» қабылдауды бастайтыны белгілі болды.

Шоқан АСЫЛХАНОВ