«Үздік педагог — 2022»

15 сәуір күні аудандық білім бөлімі және аудандық білім саласындағы қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен Абай атындағы орта мектебінде аудандық «Үздік педагог — 2022» байқауы өткізілді.

Қатысушылар жеребе тарту арқылы шығу нөмірлерін белгіледі.

Байқау 3 кезеңнен тұрды:

1 кезең — электрондық форматта портфолио ұсыну (алдын-ала қаралған кезеңнің нәтижелері экранда көрсетілді).

2 кезең — эссе жазу (байқау басталар алдында 30 минут бұрын жүргізілді).

3 кезең — жұмыс жүйесінің моделін көрсету (презентация түрінде).

Үш кезең өткізіліп, әділқазылар алқасы шешім қабылдау үшін үзіліс берілген кезде байқау қатысушылары мен қонақтарға концерттік бағдарлама көрсетілді.

Байқау нәтижесінде:

Негізгі орта мектептер арасында:

1 орын — Мелькомбинат НОМ Ш.Жанбосынова;

2 орын — Жастар НОМ А.Ахметова;

Номинациялар бойынша:

«Үздік портфолио» — Сейфуллин АОМ — Л.Акимджанова;

«Үздік эссе» — Мәметова АОМ — Л.Калибекова;

«Педагог-новатор» — Шестаков АОМ — Л.Кусаинова;

«Педагог зерттеуші» —

Рүстембеков АОМ — С.Еспенбетова;

«Креативті педагог» — Жетісу ОМ — С.Имангазиева.

Орта мектептер арасында:

1 орын — Алдабергенов АОМ А.Нестеренко;

2 орын — Қарабұлақ ОМ А.Калиолданова;

3 орын — Ш.Уәлиханов АОМГ Қ.Алдабергенова.

Бас жүлде иегеріне аудандық білім саласындағы қызметкерлерінің кәсіподағы тарапынан «Сарыағаш» шипажайына 5 күнге жолдама, 2-3 орын және номинация иегерлеріне «МультиДом» сауда үйінің ақшалай сертификаттар берілді.

Құттықтаймыз!

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі