Қауіпсіздік мәселесі таразыланды

Ескелді ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның (бұдан әрі — ТҚК) 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 31 наурызында аудан әкімінің төрағалығымен ТҚК отырысы өтті.

Отырысқа ауданның мекеме басшылары, комиссия мүшелері, ауыл әкімдері шақырылды. 

 Отырыс барысында үш  мәселе қаралды, олар: «Аудандағы білім беру мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған жұмыстарының тиімді орындалуы туралы», «Террористік актілердің салдарын азайту және жоюға мемлекеттік органдардың дайындығы туралы», «Ауылдық округ әкімдерінің діни экстремизм мен терорризмге қарсы бағытталған профилактикалық жұмыстарының тиімділігі туралы» мәселелер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырма берілді.

Ескелді ауданы әкімдігі жанындағы ТҚК аппараты