Жолдарды салу және реконструкциялау жөніндегі ірі жобалардың бірі туристік кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар болып табылады. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихаты барысында белгілі болды.
Осы жоба аясында көлге дейін 102 км-ді қайта құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Бұл мақсатқа бюджеттен 3,5 млрд. теңге бөлінді. Сондай-ақ, Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жүргізілуде.
Саин көшесі, Рысқұлов көшесі, Абай көшесін Алматы қаласының шекарасынан Алматы айналма автомобиль жолына дейін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
«Автомобиль жолдары желісін дамытудың облыстық бағдарламасы 5 жылға әзірленді. 2025 жылға дейін 16 көпірді 1788,9 км облыстық маңызы бар жолдарды жөндеудің барлық түрлерімен қамту жоспарланып отыр және 150 млрд.теңгеден астам қаражат бағытталатын болады»,- деп атап өтті Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Серік Самуратов.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 95% — ын жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы мәнге жеткізу жоспарлануда.