Алматы облысында коронавирустық инфекцияның 78 жаңа жағдайы тіркелді

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4% — дан 0,2% — ға дейін төмендеді. Өткен аптада өсімнің ең жоғары қарқыны Көксу ауданында және Текелі қаласында байқалды.

Соңғы тәулікте КВИ-дің 78 жағдайы тіркелді, оның ішінде 64 симптомдық және 14 симптомсыз жағдай. Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 14 және 11 жағдай оқушылар арасында анықталып отыр.
Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ аурушаңдығы: Алакөл-7, Еңбекшіқазақ-3, Жамбыл-3, Іле-5, Қарасай-5, Қаратал-11, Кербұлақ-3, Көксу-2, Панфилов-7, Сарқан-5, Талғар-10, ұйғыр-2, Талдықорған-15.