Жетісуда тағы 84 адамнан КОВИД анықталды

Алматы облысында коронавирустық инфекцияның өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4% — дан 0,2% — ға дейін төмендеді.

Соңғы тәулікте КВИ-дің 84 жағдайы тіркелді, оның ішінде 67 симптомдық және 17 симптомсыз жағдай. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 16 және 10 жағдай оқушылар арасында тіркеліп отыр.
Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ аурушаңдығы: Алакөл-1, Балқаш-1, Еңбекшіқазақ-3, Ескелді-4, Жамбыл-7, Іле-5, Қарасай-7, Қаратал-5, Көксу-5, Панфилов-6, Райымбек-1, Талғар-11, Талдықорған-23, Текелі-4, Қапшағай қаласы-1.

2022 жылдың 16 ақпанындағы жағдайы бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 68 890 жағдай тіркелген, оның ішінде 52 409 жағдай симптомдарымен.