Алматы облысында «Жастар тәжірибесі» жобасынан кейін 1401-ден астам адам тұрақты жұмысқа орналасты

2021 жылы жастар практикасына 1726 адам жіберілді. Бұл туралы «Jetisy ‘ Media» ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды.
Алматы облысында «Еңбек» жобасы белсенді іске асырылуда, оның шеңберінде білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жұмыс істейді. Тәжірибенің ұзақтығы 6-12 айды құрайды.
«2021 жылы тәжірибеге 1726 адам жіберілді, жоспар бойынша 1496 адам болды. 1401 жас жұмысқа орналастырылды және олардың еңбекақысының мөлшері 25 АЕК, яғни 75 мың теңгені құрайды»,- деді Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұрат.