Алматы облысында вирусқа шалдығу деңгейі 2,4 есеге жоғарлаған

Өткен тәулікте тағы 195 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды. Оның ішінде, 51-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Сондай-ақ, 30 оқушы, 1 стурден пен 2 мұғалім індетке шалдыққан.

Соңғы екі аптамен салыстырғанда облыс бойынша КВИ өсу қарқыны 0,6% — дан 0,5% — ға дейін төмендеген.
Жалпы алғанда, осы уақытқа дейін облыста КВИ зертханалық расталған 67 555 жағдай тіркелген, оның ішінде 51 334 –де ауру белгілері бар.
Айта кетейік, 2021-2022 жылдары эпидмаусымының өткен мерзімінде жіті респираторлық вирустық инфекцияның 38902 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 1784,56 құрады.
Өткен жылдың эпидкезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 2,4 есе жоғарылаған.