Табыстың кілті – еңбекте

Бүгінгі таңда үйірме сабақтары кез келген оқушының өмірінің ажырамас бөлігіне айналуда. Өйткені, қарқынды дамып жатқан әлемде бос уақытты барынша тиімді өткізу керек.
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Аюхан Ахажан белсенді спортты ұнатады. Оның айтуынша, футбол, баскетбол, волейбол – ең қолжетімді, әсерлі, командалық спорт түрлері. Мұнда жеңістен басқа, ортақ мақсатқа жету үшін командалық рух бар.
Бірақ сонымен бірге Аюхан кішкентай кезінен бразилиялық джиу-джитсу сабақтарына және кавказ билеріне арналған хореографиялық үйірмеге барды. Жеті жыл бойы ол жауынгерлік өнердегі джиу-джитсудың да, лезгинканың да әрбір қимылын шыңдады.
— Мен қозғалыста болғанды, үнемі жаңа нәрселерді үйренуді, физикалық төзімділікті жаттықтыруды ұнатамын. Сіз құмар болсаңыз, сіз өзіңізді дамып жатқаныңызды сезінесіз. Спорт – менің мотивациям, – дейді Аюхан.
Жас спортшының ондаған жүлделері бар, оның ішінде джиу-джитсудан қалалық жарыста жеті бірінші орын, облыстық жарыста II-III орын.
Хореографиялық үйірме де өз жемісін беріп, өткен жылы Аюхан «Горец» би ансамблінің құрамында «Жаныңмен биле» атты халықаралық хореографиялық өнер байқауында супер гран-при, Гран-при және 1-ші орынды жеңіп алды.
Жалпы, Аюхан үшін биылғы оқу жылы табысты болды, себебі ол Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім грантының иегері атанды. Назарбаев Зияткерлік мектебіне конкурстық іріктеуден өту оның үлкен мақсаты болды. Өйткені, Аюхан ең алдымен физикалық тұрғыдан ғана емес, интеллектуалдық жағынан да мықты болуға тырысатын.
— Тесттерге қатты дайындалдым, бірақ аздап шаршадым. Бар ойымды жинақтап, басты нәрсеге тоқтауға тырыстым. Сондықтан барлық 6-сынып оқушыларына емтиханға тыңғылықты дайындалып, Назарбаев зияткерлік мектебіне түсу үшін құжаттарын тапсырып үлгеруге кеңес беремін», — деп түйіндеді Аюхан сұхбатын.
Аюханның болашаққа үлкен жоспарлары бар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Елшісі болу. Сәттілік тілейміз саған, Аюхан!