Алматы облысы ПД бастығы Серік Күдебаевтың үндеуі

Қаңтар оқиғасының орын алуына байланысты Алматы облысында ТЖ режимі енгізіліп, антитеррорлық операция жүзеге асты. Әлі күнге облыста террористік қауіпсіздіктің «қызыл» деңгейі сақталуда. Осыған орай, құқықтық тәртіп жедел алдын алу іс-шаралары қаңтардың 19-нан бастап іске асырылатын болады. Бұл туралы Алматы облысы ПД бастығы Серік Күдебаев облыс халқына арнаған бейне үндеуінде жеткізді. Үндеуде айтылғандай,заңды белден басып, бейбіт шеру ұйымдастырғандар мен оған қатысқандар жауапқа тартылады. Бір сөзбен айтқанда, заңсыз митингке жол жоқ!.