Алматы облысында короновирустық инфекцияның 11 жағдайы тіркелді

Алматы облысында 21 желтоқсанға арналған ақпарат бойынша зертханалық расталған короновирустық инфекция көрсеткішінің 57 650 жағдайы тіркелген, оның ішінде 43 124 жағдайы симптом белгілерімен.
Жалпы, 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2697,2 құрады. Соңғы екі аптамен салыстырғанда облыс бойынша КВИ өсу қарқыны 0,04% — дан 0,02% — ға дейін төмендеді.
Сонымен қатар,облыс өңірлеріндегі КВИ аурушаңдығының көрсеткіші төмендегідей: Алакөл-4, Балқаш-1, Еңбекшіқазақ-2, Іле-1, Жамбыл-1, Панфилов-1, Кеген-1.
Бүгінгі көрсеткіш бойынша облыста вакцинаның бірінші компонентін 881 433 адам, екінші компонентін 816 989 адам алды.