\
Қазақстан Республикасының экономикасының қарқынды дамуын жылдамдату және цифрлы технологияны пайдалану арқылы тұрғындардың жағдайын сапалы интернетпен жақсарту болып табылатын мақсатта «Цифрлы Қазақстан» мемлекетті бағдарламасын жүзеге асыру аясында, облыстың барлық аудандық орталықтары, оның ішінде 159 ауыл байланыс қызметтерімен қамтылған және талшықты-оптикалық байланыс желісі бойынша телекоммуникация желісіне қосылған. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.
Осы жылы «Алматытелеком» ӨТД радиокөпір технологиясы бойынша Алматы облысының 2850 абонентін жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз еткен болатын. «Радиокөпір» технологиясы — күрделі және қымбат кәбіл төсеусіз ақпаратты үлкен қашықтықта беруді қамтамасыз ететін заманауи технологиялық шешім және ол сымды желілер жоқ жерді қолданылады. Осы технология бойынша 15 базалық станцияны сатып алу жоспарланып отыр, осылайша 14 ауылдық елді-мекенде 700-ден астам абоненттің сұранымы шешілмекші.
Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ «Востоктелеком» ЖШС-мен бірлесіп АЕМ абоненттерін сымсыз байланыс технологияларына ауыстыру бойынша жоба әзірлеуде. Пилоттық жоба үшін 4 АЕМ таңдап алынды: қолданыстағы АТС сыйымдылығы 200 нөмірге дейін болатын Алматы облысы Жамбыл ауданы Айдарлы, Сарыбай би, Мәтібұлақ, Ынтымақ. Аталған пилоттық жобаны жүргізудің оң нәтижелері болған жағдайда, оны іске асыру және коммерциялық пайдалануға қабылдау 2022 жылға жоспарланып отыр.
«Қала мен ауылдың цифрлы алшақтығын азайтуға бағытталған ТОБЖ жобасы телекоммуникацияны одан әрі дамытудың негізгі инфрақұрылымы болып табылады. 2021 жылы қатынауы қиын ауылдардың тұрғындары мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз етілді. «Қазақтелеком» салған байланыс желілері негізінде «250+» жобасы аясында Алматы облысында 41 базалық станция іске қосылды»,-дейді Алматытелеком» ӨТД Бас директоры Шерхан Раздықов.
Айта кетейік, «Қазақтелеком «АҚ Туризм басқармасымен және Алматы қаласының Құтқару қызметімен бірлесіп, Іле Алатауы тауларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша» Дабыл батырмасы » жобасын іске асыруда.
Алматы облысының тау кластерінде барлығы 15 саятшылық орнатылған. «Қазақтелеком» АҚ тарапынан кабиналарда спутниктік жабдық орнатылған және «Дабыл батырмасы» қосылған, ол жерден қоңырау 109 диспетчерлік қызметіне келіп түседі.