Дүниежүзі тұрғындары Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтауда

Қасиетті елде азаттыңтың таңы атқанына атпалдай -30 жыл!. Ұлы дал иелерін айтулы мерейтоймен шетелдіктерде бейне жазба арқылы құттықтап жатыр. Қыр асып, Анадолы елінде жүрген, Алматы облысымен тығыз қарым-қатынаста әріптес болған жандардан да жылы лебіздер келіп түсуде.
Анкара университетінің Тілдерді оқыту тәжірибесі және ғылыми зерттеу орталығының директоры Тайфун Хайкыр Тәуелсіздік күнімен құттықтап, барша елге тыныштық, ынтымақ пен молшылық тілеп ақжарма тілегін жолдады.
«Бауырлас өңір Қазақстан Республикасынан келген студенттер түрік тілімен қатар түркі мәдениетімен де танысады. Сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Құрметпен Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласынан жалынды сәлем жолдаймыз», — делінген құттықтау сөзінде.
Сондай-ақ Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің қазіргі орыс тілінің оқытушысы Анастасия Самсонова, «Қырғызстаннан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Әденов пен журналист Роза Құрманбекова құттықтау бейнероликтерін жолдады.
Сондай-ақ, Татарстан, Алжир, Ұлыбритания, Өзбекстан, Украина және т.б. елдердің өкілдері еліміздің одан әрі өрлеуі мен өркендеуіне тілектестіктерін білдірді.