Алматы облысында тұрғындардың 67%-ы толықтай екпе алды

Өткен тәулікте Алматы облысында коронавирустық инфекцияға шалдығу дерегініңі жаңа 19 жағдайы тіркелді, бүгінде өсу қарқыны -0,03%,- деп хабарлайды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Ресми мәліметтер, 14 жасқа дейінгі 2 бала, 1 оқушы мен 1 студент арасында вирустың анықталғандығын растап отыр.
Аудан-қалаларға бөлсек, ковид көрсеткіші мынадай: Алакөл-1, Еңбекшіқазақ-2, Қарасай-2, Қаратал-2, Панфилов-3, Талғар-2, ұйғыр-2, Талдықорған қаласы-5.
Естеріңізге саламыз, аймақта әлі күнге вирусқа қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Осы уақыт аралығында вакцинаның бірінші компонентімен 867 701 (72%) және екінші бөлігімен 798 815 (67%) адам егілді.