Халықты COVID-19 — ға қарсы вакцинациялау

Алматы облысында 18 жастан бастап тұрғындарды короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанындағы жағдай бойынша облыста бірінші компонентпен 865 762, екінші компонентпен 796 670 адам егілді.
Ағымдағы жылдың 15 қарашасынан бастап облыста 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерді «Комирнати» вакцинасымен (Пфайзер, АҚШ) вакцинациялау басталды. Бүгінгі күні 6368 адам вакцинацияланды, оның ішінде 12 – ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 5202, 16 – дан 37 аптаға дейінгі жүкті әйелдер-278 және лактация кезеңінде әйелдер-888.
Сондай-ақ, 21 күн өткеннен кейін Талдықорған қаласының жасөспірімдері «Комирнати» вакцинасының екінші компонентін ала бастады. Алғашқылардың қатарында медицина қызметкерлерінің балалары мен Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің ұлы бар.
— Бірінші компоненттен кейін өзімді жақсы сезіндім. Ешқандай асқыну болған жоқ, тіпті волейбол жаттығуларына да бардым, — деп бөлісті ол.
Вакцинацияға рұқсат алу үшін өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге, тіркелген жеріңіз бойынша мейірбикеңізге жүгіну немесе eGov.kz немесе eGov mobile қосымшасында порталында электрондық өтінімді жіберу арқылы алдын ала жазылу қажет. Жасөспірімдерге вакцинация ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі.
Вакцинация — пандемияны тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі! Вакцина алып — өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!