Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 7 желтоқсан аралығында Жетісу жерінде оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 1829 жағдайы тіркелген. Қазіргі кезде облыста 23 сыныптың 466 оқушысы қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылды.
Аймақта, 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2687,3 құрады. Соңғы екі аптамен салыстырғанда облыс бойынша КВИ өсу қарқыны 0,1% — дан 0,04% — ға дейін төмендеді. Өткен аптада өсімнің ең жоғары қарқыны Ақсу — 0,1%, Алакөл -0,1%, Іле -0,1%, Кербұлақ — 0,1%, Көксу — 0,1%, Сарқан — 0,1% аудандарында және Қапшағай қаласында — 0,1% байқалады.
Кеше өңірде 14 адамнан коронавирустық инфекция анықталған, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бір бала аталған індетке шалдыққан.