《СОНАР-2021》РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ

2021 жылғы 25-28 қараша күндері аралығында Алматы облысы Ескелді ауданы Тау-Жетісу демалыс аймағында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН 《САЯТ》ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН 《СОНАР-2021》РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ.
Жарысқа 11 облыстан 80 нен астам құсбегі қатысты. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өткен
турнирдің жалпы жүлде қоры 4 000 000 теңгені құрайды. Бұл жарыс биыл 24 -ші мәрте ұйымдастырылуда.
Аталған іс-шарада «Қансонар» аңшылық бірлестіктер және аңшылық шаруашылық субьектілері Республикалық ассоциациясының басқарма төрағасы Әбдікарім Оралбай Әбдікарімұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қыран» федерациясы қоғамдық бірлестігінің президенті Нұрлан Өнербай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанат Айтбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Қожа, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері эстрада әншісі Досымжан Таңатаров, Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі Рустам Али және Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлының қатысуымен өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орыннан көрінген спортшылар:

《ҚҰМАЙ ТАЗЫ》

3-ші орын Мүптекеев Ернар «Ақ сұңқар»-Алматы қаласы
2-ші орын Дәулеткелдіұлы Еркебұлан»Айқара»-Алматы облысы
1-ші орын Оспанов Айдос»Тұйғын»-Алматы облысы

《СҰҢҚАР》
3-ші орын Исабеков Қуаныш «Мұнтаз»-Алматы облысы
2-ші орын
Оспанқұлов Танат «Самал»-Қарағанды облысы
1-ші орын Кодеков Мұрат «Қаракөз»-Алматы облысы

《ҚАРШЫҒА》
3-ші орын Пан Төлемырза «Тұйғын»-Түркістан облысы
2-ші орын Аршабай Дәурен «Ақаршын»-Түркістан облысы
1-ші орын Сейітжан Бексұлтан «Көкжендет»-Алматы облысы

《БҮРКІТ》
5-ші орын Сейітжан Аян»Атамұра»-Алматы облысы
4-ші орын Сейітжан Алмас»Нұра»-Алматы облысы
3-ші орын Күнтуған Серікбек «Алғыр»-Нұр-Сұлтан
2-ші орын Кушкаров Арман»Нарын»-Атырау облысы
1-ші орын Әйетбай Ермұхан»Нұра»-Алматы облысы.