Малазиялық инвесторлар Қапшағай аумағын таңдады

Елімізде сырттан инвестиция тартып, оған мемлекет пен халықтың әлеуеметті-экономикалық әлеуетін көтеру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Осындай оңтайлы жағдай өңірімізге түсіп, асығымыз алшысынан түскендей. Қапшағай қаласына келер бұрын делегация мүшелері Нұрсұлтан мен Алматы қалаларында болып, ең қуантарлығы құрметті қонақтар қаржылық қолдауда Қапшағай өңірін таңдап алып отыр. Ресми кездесу барысында аймақтың әлеуметтік –экономикалық дамуы жөнінде шағын фильм көрсетіліп, соның ішінде «Арна» өндірістік аймағындағы жүргізіліп жатқан іс кеңінен таныстырылды. Жалпы, кездесу соңында екі тарап бойынша аталған жобаларға сәйкес ынтымақтастық келісім-шарты жасалды.