Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар/Самозанятые

Кәсібін ресми тіркемей-ақ, базарда өз бақшасында өсірген көкөнісін сатып, жеке көлігімен жолаушы тасып немесе оқушыларға қосымша білім беріп ақша тауып жүрген қазақстандықтар аз емес.

Мұндай адамдарды «фрилансерлер», ал мемлекет тұрғысынан «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деп атайды. Олардың табысына салық салынбайды. Демек, кәсібі «көлеңкедегі» азаматтар керек кезінде әлеуметтік жәрдемақы ала алмайды. Бұл мәселені шешу үшін 2019 жылы Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санаты үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді.

БЖТ төрт төлемді біріктіреді.

Олар:

1. жеке табыс салығы;

2. міндетті зейнетақы жарналары;

3. әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар;

4. мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар.

БЖТ төлеу арқылы азаматтарға базалық зейнетақы, медициналық қызметтер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер қолжетімді болады. Біріңғай жиынтық төлемді ай сайын қала тұрғындары — 1 АЕК, ауыл тұрғындары — 0,5 АЕК көлемінде төлейді. БЖТ төлеушілері жұмысшы жалдай алмайды және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болуы тиіс. Сондай-ақ олардың бір жылғы табысы 1175 АЕК шегінен аспауы керек.  БЖТ кез келген банктің кассасында, Қазпошта бөлімшелерінде, сондай-ақ Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.

 

Очень много казахстанцев зарабатывают на жизнь без официального трудоустройства.

Кто-то продает овощи со своего огорода на рынке, кто-то занимается частным извозом или дает частные уроки по математике. Таких людей называют «фрилансерами», а с точки зрения государства – «самозанятыми». Их доход не облагается налогами — для социальной системы государства эти люди – «невидимки». А значит, в случае чего, они не смогут рассчитывать на соцпособия.

Чтобы решить этот вопрос в 2019 году в Казахстане для категории «самозанятых» ввели единый совокупный платеж (ЕСП).

Оплачивая ЕСП ежемесячно в сумме 1 МРП для городских жителей и 0,5 МРП для сельчан, вы закрываете подоходный налог, обязательные пенсионные взносы, взносы на медицинское и социальное страхование.

После этого вы можете:

• претендовать на базовую пенсию

• пользоваться медуслугами через ОСМС

• получать различные виды соцпособий.

При этом нельзя официально быть ИП и нанимать работников. А ваш годовой доход не должен превышать 1 175 МРП. Оплачивать ЕСП можно в кассах банков, отделениях Казпочты и через мобильное приложение Kaspi.kz.