Екпе ең алдымен
12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдер салына бастайды. Вакцина минус 60-90°C температурада «Облыстық қан орталығы» мекемесінде сақталынады. Ал, мектептерде егу пункттерінде плюс 2-8°C температурада 31 күнге дейін жарамдылық мерзімі көрсетілген. Айта кетсек, мектеп оқушыларын вакцинациялау тек ата-аналардың немесе заңды өкілдердің рұқсаты бойынша жүргізілмек. Мәжбүрлеу шарасы болмайды деп жеткізді облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері. Бүгінгі таңда өңірде 760тан аса білім ошақтарында егу бригадалары құрылған. Арнайы кабинеттер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жасақталған.