Алматы облысының тұрғындары өзекті мәселемен«Демеу» әлеуметтік орталығына жүгіне алады

Алматы облысының тұрғындары «Демеу» әлеуметтік орталығына көмекпен жүгіне алады. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды.
«Демеу» жобасы — ауыл тұрғындарына жан-жақты көмек көрсету, халықтың әлеуетін арттыру жобаның басты мақсаты болып табылады. Жобаны жүргізу барысында Алматы облысы жұртшылығының мәселелерін тыңдау, жеке кеңес беру жұмыстарын жүргізуге кәсіби мамандарды тарту көзделген. Құрамында психолог, жалпы тәжірибедегі дәрігер, заңгер мамандар бар. Кәсіби құзыретті мамандар халықтың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға арнайы ұсыныс хат жолдайтын болады.
«Қазіргі уақытта жоба аясында Алматы облысында екі ҮЕҰ және екі бастамашыл топ жұмыс жасайды. Онда 12 маман қамтылған. Басты мақсатымыз Алматы облысының тұрғындарына жеке көмек көрсету және жоба аясында 15-тен астам ауыл тұрғындарын аралау болып табылады. Бүгінде 300-ден астам тұрғынға кеңес көрсетілді»,-деді жоба жетекшісі Д. Сұңғатұлы
«Мейірім-2020» еріктілер қозғалысы 5 ауылды қамтиды. Еріктілер қозғалысы халықтың кәсіби мамандардан қандай сауалдар бойынша ақпарат керек екені анықтау мақсатында сауалнама алынды. Сауалнамаға жалпы 586 тұрғын қатысты. Оның басым көпшілігі жоғарыда аталған мамандармен жеке кеңесті қажет ететіндігі айқындалды. Осы орайда, мамандар өздерінің арнайы ақпараттық-баяндамаларын әзірлеп, жеке кеңес беру жоспарлары жасалынды.
Сондай-ақ, «Еркін» ауылдық округіне қарасты амбулаторияда тұрғындармен кездесу болып өтті. Кездесуге 60-қа жуық тұрғындар келіп, жеке сұрақтарын қойды. Мамандармен кездесіп, өздерінің сұрақтарына жауап ала-алды. Қазіргі уақытта ауылдық әкімшілікке арнайы ұсыныс хат әзірленуде.