Кербұлақ ауданында 27,5 мың адам екпе алуға тиіс

Пандемия басталғалы Кербұлақ ауданында зертханалық расталған COVID-19 жұқпасының 1167 жағдайы тіркелді. Соңғы 2 аптада вирустың 19 жағдайы есепке алынды. Жалпы ауданда эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді. Індетке қарсы екпе жұмыстары өз жалғасын табуда. Аудан бойынша COVID-19-ға қарсы 27580 адам егу жоспарланған. Бүгінгі күнге екпенің I-компонентімен 22182 адам егіліп, тиісті контингенттің 80% екпе алды. II-компонеттімен 20066 адам егіліп, 73% құрады. Індеттен арылудың ең тиімді жолы екпе салдыру екендігі анық байқалуда. Себебі, індет жұқтырғандардың ішінде тек 39-ы, яғни, 3,3%-ы ғана екпе салдырғандар. Оның өзінде ауру ағымы жеңіл өткен. Аудан бойынша 18 егу пункті жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта екпе 18 жасқа дейінгі балаларды, егде жастағы адамдарды, жүкті және бала емізетін әйелдерді, уақытша және тұрақты медициналық шектеу қойылған азаматтарды қоспағанда, барлық тұрғындарға салынып келеді.