Қазақтың көне емі-жылқы терапиясы қолға алынуда.

Қапшағайда осы емдік тәсіл бағытын дамыту мен кеңінен насихаттау мақсатында, әрі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Жақсылық» оңалту орталығы ашылды. Салтанатты ашылуына Алматы облысының маслихат депутаттары, облыстық аграрлы секторы қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Жақсылық» фермерлік қожалығының директоры Елдос Үшкемпіров, Алматы облыстық мәслихатының депутаты, Үшкемпіров Елдос Жақсылықұлы, Алматы облысы бойынша тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық және құрылыс мәселесі бойынша комиссияның төрағасы, “АлЭС” АҚ-ның Күрделі құрылыс және трансформация жөніндегі Басқарушы директоры Үстенов Бақдәулет Нығметбекұлы, қала әкімінің орынбасары Берік Фатықұлы, қатысушыларды игі іске ашылып жатқан орталықтың ашылуымен құттықтап, «Қапшағай самға» қоғамдық бірлестігінің басшысы Марат Бекенұлына ақ тілектерін арнады. Мұндағы басты міндет мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдердің сырқаттарын емдейтін облыс көлеміндегі екінші бірегей орының көпшілік үшін қызмет ететіні анық. Бұнда неврологиялық аккытқулар, тірек қимыл аппараты бұзылған, аутизм, склероз, есту және көру қабілеті бұзылған, мінез-құлық ауытқулары бар және инсулть алған жастарды емделеді. Онымен бірге ат терапиясы арқылы жүргізілетін ем-дом міндетті түрде дәрігер нұсқаулығымен жасалады. Заманауи үлгідегі тәсілмен өңірдің 247 бала ем алуға мүмкіндік қарастырылған. Жалпы, қала бойынша 1476 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Иппотерапия емін көрсету үшін 3 білікті нұсқаулық маманы қызмет көрсетеді. Сала азаматтарының көмегімен 4 жылқы арқылы түрлі жаттығулар жасалады. Қазіргі кезде 12 бала жылқы терапиямен ем қабылдауда. Болашақта аттардың қатары 7-ге жеткізіліп, бала саны 50-ге дейін артпақ. Бұл қызмет түрі тегін жүргізіледі.